Кіріске әдетте мыналар:
- жеңілдікті бағалы қағаздарды сатудың қорытынды нәтижесі (пайда мен залал өзара есептелетінін ескере отырып);
- рұқсат етілмеген бағалы қағаздарды сатудың қорытынды нәтижесі (кіріс пен шығыстардың сальдосын ескере отырып);
- туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялардан келіп түсетін кіріс;
- егер дивидендтерге, купондарға, сыйақыларға және осыған ұқсас төлемдерге Қазақстандағы көзден салық салынбаса, аталған дивидендтер, купондар, сыйақылар және осыған ұқсас төлемдер кіреді.
Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша қорытынды залал қашанда нөлге тең деп есептеледі және болашақ салық кезеңдеріне ауыстырылмайды. Жеңілдікті қағаздар бойынша залалды рұқсат етілмеген қағаздар бойынша пайданы азайту үшін пайдалануға болмайды. Керісінше: рұқсат етілмеген қағаздар бойынша нәтиже жеңілдіктер бойынша пайданы төмендетпейді.
Бағалы қағаздарды сатудан келіп түскен кіріс немесе шығын FIFO (“бірінші болып сатып алған – бірінші болып сатқан”) қағидаты бойынша есептеледі. Яғни, қағаздар шотқа келіп түскен тәртіппен есептен шығарылады. Заң дәл осы әдісті жалғыз деп белгілейді. Есептеу кезінде қағаздарды сатып алу бағасы ғана емес, сондай-ақ инвестордың шығындары да ескеріледі, мысалы, брокерлер мен басқа делдалдардың комиссиялары.
Жоғарыда келтірілген барлық ақпарат тек анықтамалық сипатқа ие. Қызмет көрсету регламентіне сәйкес, біз салық салу мәселелері бойынша кеңес бермейміз. Салық салуға қатысты барлық мәселе бойынша Сіз кәсіби салық кеңесшілеріне немесе Қазақстан Республикасының салық органдарына 1414 немесе +7-800-0807777 нөмірлері бойынша жүгінуіңіз керек.
«Фридом Финанс» тобының компаниялары осы ақпаратты пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген салдар үшін жауапкершілік көтермейді. Салық есептілігін жасау кезінде жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының тек қана қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алуға тиіс.