W-8BEN нысаны Freedom Broker сауда платформасында қалай толтыру қажет?
1 қадам. Freedom Broker платформасына қалаған әдіспен кіріңіз:
• Freedom Broker мобильді қосымшасында - «Мәзір» → «Тапсырма» → «Дербес деректер» → «W-8BEN нысаны»
• Freedom Broker веб-нұсқасында - «Кабинет» → «Тапсырма» → «Дербес деректер» → «W-8BEN нысаны» бөлімінде
2 қадам. Қауіпсіздік сессиясын ашыңыз.
3 қадам. Дербес деректерді тексеріңіз - олар латынша төлқұжат деректеріне сәйкес болуы тиіс.
Сондай-ақ тұрақты тіркеу мекенжайын толтырыңыз. Егер пошта мекенжайы тіркелу мекенжайына сәйкес келсе, оны осы белгімен белгілеңіз.
Мекенжайы көшенің толық атауын, үйдің және пәтердің нөмірін, қаланың атауын, пошта индексін қамтуы тиіс.
Маңызды! Егер сіз бірнеше елдің азаматы болсаңыз, нысанды толтырған кезде Сіз салық резиденті болып табылатын елді көрсетіңіз. Пошта мекенжайыңыз осы елде болуы керек.
4 қадам. W-8BEN нысанының басты пунктерін толтырыңыз.
1) Салық резиденті елін таңдау.
Маңызды! W-8BEN нысанында көрсетілген салық резиденттігі елі сіздің Freedom Broker-дегі сауалнамалық деректеріңізде көрсетілген салық резиденттігі елімен сәйкес келуі тиіс.
2) Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін енгізіңіз.
Маңызды! Салық резиденттігінің елі ретінде көрсеткен елдің салық төлеушісінің нөмірін енгізіңіз.
3) «FATCA - мәртебе» жолында «Non-U.S. Person» таңдаңыз.
4) «АҚШ азаматы еместігімді растаймын» пунктіне қанат белгісін қойыңыз.
5 қадам. «Салық келесімінің артықшылықтары» бөлімінде «Иә, мен америкалық корпорациялардан дивидендтер мен купондар түрінде алынған табыстар бойынша төмендетілген салық мөлшерлемесіне құқығым бар» опциясын таңдаңыз.
Содан кейін тұратын еліңізді растаңыз.
6 қадам. Бұдан әрі «Бенефициарлық иеленушіден арнайы мөлшерлемеге үміткер» тармағынан басқа, келісімнің барлық тармақтарын қанат белгісімен белгілеңіз.
Бұл тармақты тек америкалық компания капиталының кемінде 10%-ын иеленетін инвесторларға ғана белгілеу қажет.
7 қадам. Толтырылған нысанды жүктеп алып, деректерді тағы бір рет тексеріңіз. Содан кейін барлық мәліметтердің дұрыс екенін растаңыз.
8 қадам. «Растау» түймешігін басып, тапсырма беріңіз.
