FF SPC облигациялары бойынша купондар

Жаңартылды 22.09.2026

Салық ұсталмай төленуі үшін W-8BEN нысанын толтырыңыз

FF SPC облигациялары бойынша купондық кіріс тұрақты түрде есептеліп отырады. Ол АҚШ-тағы дереккөздерден алынған кіріс ретінде танылады және АҚШ-та 30% мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.


Бұл ретте мөлшерлеме АҚШ салық заңнамасында көзделген салықтық жеңілдікке (Portfolio Interest Exemption) сәйкес 0%-ға дейін төмендетілуі мүмкін. Америкалық табыс салығының нөлдік мөлшерлемесін қолдану үшін жақын арадағы купондық төлемді тіркеу күніне дейін W-8BEN (жеке тұлғалар үшін) немесе W-8BEN-E (заңды тұлғалар үшін) нысанын толтыру қажет.


Қазақстан Республикасында салық салуға келетін болсақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңға сәйкес, Astana International Exchange биржасының тізіміндегі бағалы қағаздар бойынша купондар мен құн өсімі 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстанда салық салудан босатылады.


Сондықтан жеке және заңды тұлғалар (салық резиденттері мен бейрезиденттері) FF SPC облигациялары бойынша алынған купондарға және осы облигацияларды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түсетін кірістерге қатысты жеке және корпоративтік табыс салығынан босатылады.



Нысанды қалай толтыру керек


Freedom Broker клиенттеріне


Нысанды екі тәсілмен толтыруға болады:

  1. Freedom Broker мобильді қосымшасына арқылы:
    Мәзір → Тапсырмалар → Дербес деректер → W-8BEN нысаны.

    Толық нұсқаулықтар:
    ​«W-8BEN нысанын қалай толтыру қажет» бейненұсқаулығы

  2. Tradernet.global сауда платформасы арқылы:
    Кабинет → Дербес деректер→ W-8BEN нысаны.



Басқа брокерлік компаниялардың клиенттеріне


Егер Сіз облигацияларды басқа брокерлік компания арқылы сатып алған болсаңыз, Сізге кез келген жағдайда Freedom Finance SPC мекенжайына W-8BEN (жеке тұлғалар үшін) немесе W-8BEN-E (заңды тұлғалар үшін) нысанын ұсыну қажет. Бұл Сізге купондық сыйақыны америкалық табыс салығы ұсталмай, толық көлемде алуға көмектеседі.


Қажетті нысанды толтыру үшін сайтқа өтіп, тіркеліңіз және нұсқауларды орындаңыз:

​https://w8ben.freedomholdingcorp.com/​


Егер сұрақтарыңыз болса, бізге жазыңыз.

​[email protected]​


Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Пайдаланушылардың 100%-ы жауапты пайдалы деп санады

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!