Мен Қазақстанның салық резиденті емеспін. ЖТС бойынша декларацияны тапсыруға міндеттімін бе?

Жаңартылды 22.09.2026

Қазақстанда кім салықтық резидент деп танылмайды?


Егер сіз төмендегі критерийлердің ешқайсысына сәйкес келмесеңіз, Қазақстанмен жасалған қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім (ҚССБК) аясында сіз салықтық резидент болып танылмайсыз:


1. Қазақстанда 12 айлық кезең ішінде 183 күн немесе одан да көп болу.


2. «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) инвестициялық резидент мәртебесінің болуы және 12 айлық кезең ішінде Қазақстанда 90 күн немесе одан да көп болу.


3. Сіздің өмірлік мүдделеріңіздің орталығы Қазақстанда болуы, бұл келесі шарттардың бір мезгілде орындалуын білдіреді:
• Қазақстан азаматтығының немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаттың болуы;
• Жұбайы/зайыбы немесе жақын туыстарының Қазақстанда тұруы;
• Қазақстанда жеке пайдалануға немесе жұбайы/зайыбы мен жақын туыстарының кез келген уақытта тұруына қолжетімді жылжымайтын мүліктің болуы.


4. Қазақстан азаматтығының болуы, Қазақстан азаматтығына немесе тұруға ықтиярхатқа өтініш беру және шетелде келесі себептердің біреуі бойынша болу:
• Мемлекеттік органдардың тапсырмасымен, оның ішінде дипломаттар, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері ретінде шетелге іссапар;
• Қазақстан азаматы немесе заңды тұлғасына тиесілі көлік құралдарының экипаж мүшесі ретінде халықаралық тасымалдарды орындау;
• Шетелдегі Қазақстанның әскери немесе азаматтық қызметі;
• Қазақстанның мемлекеттік меншігіндегі шетелдік нысанда жұмыс істеу;
• Оқу, тағылымдама, емделу және басқа да ұқсас себептер;
• Оқыту немесе ғылыми қызметпен шұғылдану.


Нерезиденттер ЖТС бойынша декларация тапсыруға міндетті ме?


Иә, егер сіз ҚР Салық кодексінің 644-бабында көрсетілген, Қазақстанда төлем көзінен ЖТС салынбаған қазақстандық көзден кірістер алсаңыз, декларацияны тапсыруға міндеттісіз. Іс жүзінде мұндай кірістерге, мысалы, қазақстандық эмитенттер шығарған БҚ бойынша кірістер, сондай-ақ осындай БҚ сату кезінде құн өсімінен келіп түсетін кірістер жатады.


ЖТС қандай мөлшерлеме бойынша есептеледі?


• Нерезиденттің қор нарығындағы табысына 15% мөлшерлеме қолданылады, жекелеген жағдайларды қоспағанда. Егер нерезидент Қазақстанмен ҚССБК жасасқан елдің резиденті болса, төмендетілген мөлшерлеме немесе босату қолданылуы мүмкін.
• Егер нерезидент оффшор резиденті болса, мөлшерлеме 20%-ға дейін өседі.



Жоғарыда келтірілген барлық ақпарат тек анықтамалық сипатқа ие. Қызмет көрсету регламентіне сәйкес, біз салық салу мәселелері бойынша кеңес бермейміз. Салық салуға қатысты барлық мәселе бойынша Сіз кәсіби салық кеңесшілеріне немесе Қазақстан Республикасының салық органдарына 1414 немесе +7-800-0807777 нөмірлері бойынша жүгінуіңіз керек.


«Фридом Финанс» тобының компаниялары осы ақпаратты пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген салдар үшін жауапкершілік көтермейді. Салық есептілігін жасау кезінде жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының тек қана қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алуға тиіс.


Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Пайдаланушылардың 100%-ы жауапты пайдалы деп санады

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!