Иә, бірақ шетелдік органнан алған анықтамаңыз болған жағдайда ғана есептей аласыз, онда шет мемлекетте төленген табыс салығының сомасы көрсетіледі. Мұндай құжат консулдық заңдастыру немесе апостиль арқылы куәландырылуы тиіс. 1042-S үлгісі аталған анықтама болып табылмайды.
АҚШ эмитенттерінен алынған кірістерден ұсталған салық сомаларын растау үшін Сіз IRS-ке өз бетіңізше хабарласуға тиіссіз. Freedom Broker өз клиенттері үшін мұндай анықтамаларды алмайды.
Шетелдік салық органының анықтамасынсыз ЖТС-ға қарсы шетелдік табыс салығын есепке алуды қолдану салық заңнамасын бұзатынын және әкімшілік айыппұлдарға да, сондай-ақ қылмыстық жазаға да әкеп соғуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Жоғарыда келтірілген барлық ақпарат тек анықтамалық сипатқа ие. Қызмет көрсету регламентіне сәйкес, біз салық салу мәселелері бойынша кеңес бермейміз. Салық салуға қатысты барлық мәселе бойынша Сіз кәсіби салық кеңесшілеріне немесе Қазақстан Республикасының салық органдарына 1414 немесе +7-800-0807777 нөмірлері бойынша жүгінуіңіз керек.
«Фридом Финанс» тобының компаниялары осы ақпаратты пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген салдар үшін жауапкершілік көтермейді. Салық есептілігін жасау кезінде жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының тек қана қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алуға тиіс.