2025 жылғы салық декларациясына арналған есепті алу үшін fbroker.kz сайтына өтіп,«Қолдау»→«Салық декларациясына арналған есеп»бөліміне өтіңіз.
Есепті қалыптастыру үшін қажет:
- Брокерлік шот нөмірін көрсету
- Сұранымды SMS кодымен растау
- Есеп авторизацияланған поштаға жіберіледі
1. Салық есебі
Есептеудің негізгі қағидаттары
Негізгі формула:
Құн өсімінен келіп түскен кіріс = Құн өсімінен келіп түскен пайда – БҚ сауда-саттық жасаудан болған залал
Егер құн өсімінен келіп түскен кіріс теріс болса (яғни, жыл қорытындысы бойынша таза залал қалыптасқан болса), онда жыл қорытындысы бойынша құн өсімінен келіп түскен кіріс нөлге тең болады. Құн өсімінен келіп түскен кіріс жеңілдік жасалатын бағалы қағаздар үшін және жеңілдік жасалмайтын бағалы қағаздар үшін бөлек есептеледі.
Құн өсімінен келіп түскен пайданы немесе залалды есептеу формуласы:
Пайда/Залал = Позицияны жабу бағасы – (Позицияны ашу бағасы + БҚ сатып алғаныңыз үшін брокердің алынатын комиссиясы)
Пайда/залалды есептеу кезінде позицияны ашу бағасын айқындау үшін FIFO әдісі қолданылады. Long мәмілесі үшін бұл сатып алу бағасы, Short мәмілесі үшін - сату бағасы.
Бағалы қағаздарды сатудан келіп түскен кіріс немесе залал FIFO (First In – First Out, «бірінші болып сатып алдым – бірінші болып саттым») қағидаты бойынша есептеледі. Яғни, қағаздар шотқа келіп түскен тәртіппен есептен шығарылады. Қазақстан Республикасының Салық кодексі дәл осы әдісті жалғыз әдіс деп белгілейді. Есептеу кезінде қағаздарды сатып алу бағасы ғана емес, сондай-ақ, мысалы, брокерлер мен басқа делдалдардың комиссиялары сияқты инвестордың залалы да ескеріледі.
Жеңілдік жасалатын қағаздар бойынша залалды жеңілдік жасалмайтын қағаздар бойынша пайданы азайту үшін пайдалануға болмайды. Керісінше: жеңілдік жасалмайтын қағаздардағы залал жеңілдіктер бойынша пайданы азайтпайды. Егер есепті жылғы қорытынды бойынша бағалы қағаздардың кез келген санатындағы құн өсімінен келіп түскен кіріс теріс болса, мұндай залал болашақ салық кезеңдеріне ауыстырылмайды және 0-ге теңестіріледі.
2. БҚ сатып алу-сату
Мұнда есепті жылдағы бағалы қағаздармен жабық мәмілелер бойынша іске асырылған қаржылық нәтиже есептелетін бастапқы ақпарат ұсынылған.
«Ашу/жабу бағасы» дегеніміз не?
Ашу бағасы
Позиция ашылған баға (Long мәмілелерінде бұл - сатып алу бағасы, Short мәмілелерінде - сату бағасы).
Жабу бағасы
Позиция жабылған баға (Long мәмілелерінде бұл - сату бағасы, Short мәмілелерінде - сатып алу бағасы)7
Пайда/залал қалай есептеледі?
Жабық позиция бойынша іске асырылған қаржылық нәтиже. Оң мән алынған пайданы, теріс мән осы мәміле бойынша залалды көрсетеді.
Пайда/Залал = Сату бағасы - Бастапқы құны
Бастапқы құны = Сатып алу бағасы + БҚ сатып алғаныңыз үшін брокердің алатын комиссиясы*
*Сауда үшін қарызға алған ақша үшін алынатын комиссия (теріс қалдық) есепке алынбайды
«Мәміле комиссиясы» қалай есептеледі?
USD-мен алынатын комиссия мәміле валютасына айырбасталады, содан кейін қорытынды сома Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми орташа өлшенген бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
«Оффшор» деген не?
Егер БҚ эмитенті немесе онымен жасалатын мәмілелер жеңілдік жасалатын салық салынатын мемлекетте тіркелген болса, позицияны ашу бағасы мен брокердің комиссиясы есепке алынбайды. Яғни, БҚ сауда-саттық жасағанда, оның эмитенті офшорда тіркелген немесе онымен жасалған мәміле офшорда тіркелген кезде, пайда позицияны жабу бағасына тең болады. Жеңілдік жасалатын салық салынатын мемлекеттердің қолданыстағы тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 492 бұйрығында келтірілген.
«Қазақстан Республикасының декларациясындағы кіріс/залал» бағаны нені білдіреді?
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми орташа өлшенген бағамы бойынша мәміле валютасынан теңгеге айырбасталған «пайда/залал» бағанында көрсетілген жабық позиция бойынша іске асырылған қаржылық нәтиже.
«Мәміле күні» нені білдіреді?
Бұл меншік құқығының ауысқан күні
«Жеңілдік жасалу түрі» нені білдіреді?
Бағалы қағаздардың мынадай түрлері жеңілдік жасалатын бағалы қағаздарға жатады:
- Қазақстанның Astana International Exchange (AIX) және Kazakhstan Stock Exchange (KASE) сияқты қор биржаларының ресми тізімдеріне сату кезінде енгізілген бағалы қағаздар;
- мемлекеттік облигациялар;
- агенттік облигациялар;
- ашық және аралық пай қорларының пайлары;
- АХҚО-да тіркелген заңды тұлға-қатысушылардың акциялары.
Барлық басқа бағалы қағаз жеңілдік жасалмайтын бағалы қағаздарға жатады.
Есептеулердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар бес түрдің біріне жатқызылады. Төменде бағалы қағаздардың әр түріне қатысты мысалдар келтірілген.
1. Эмитенті Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалы қағаздар, олар бойынша сауда-саттық қазақстандық AIX немесе KASE биржаларында өткізілген.
Инвестор (жеке тұлға) Қазақстанның қор биржаларында Air Astana акцияларымен белсенді сауда жасады: KASE (AIRA.KZ тикері) және AIX (AIRA.AIX тикері). AIRA қазақстандық биржалардың кем дегенде бірінің ресми тізіміне енгізілгендіктен, бұл акция жеңілдік жасалатын бағалы қағаз болып саналады.
Бір жыл ішінде жасалған мәмілелердің нәтижелері:
AIRA.KZ немесе AIRA.AIX | |
Залал | (10000) |
Пайда | 7000 |
Пайда | 25000 |
Залал | (1000) |
Бір жылғы жиыны: | Пайда 21000 |
Барлық мәміленің нәтижелері бойынша инвестор жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша декларацияда 21 000 сомаға салық салынатын кірісті көрсетеді және оны төмендету жағына қарай сол сомаға түзетеді, себебі AIRA – жеңілдік жасалатын акция. Нәтижесінде инвестор ЖТС төлемейді.
Егер бір жыл ішінде AIRA-мен жасалған мәмілелердің нәтижелері бойынша инвестор залалды жүзеге асырса, мұндай залал нөлге тең болар еді. Сондай-ақ бұл залалды болашақ салық кезеңдерінің кірісін азайту үшін келесі жылдарға ауыстыру мүмкін емес.
Мынаны түсіну маңызды: кірісті түзету түріндегі жеңілдік салық төлеушіні декларация тапсыру міндеттемесінен босатпайды. Салық төлеуші қалай да ЖТС бойынша декларацияда кірісті көрсетуге, содан кейін оны осы декларацияның арнайы жолдары арқылы азайтуға міндетті. Егер салық қалай да нөлге тең болады деп есептей отырып, декларация берілмесе, бұл Қазақстанның салық заңнамасын бұзған болады.
2. Эмитенті Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар, олар бойынша сауда-саттық қазақстандық AIX немесе KASE биржаларында өткізілген.
Инвестор (жеке тұлға) KASE-де Tesla акцияларын белсенді түрде саудалады (TSLA.KZ тикері). TSLA Қазақстанның KASE биржасының ресми тізіміне енгізілгендіктен, бұл акция жеңілдік жасалатын бағалы қағаз болып саналады.
Бір жыл ішінде жасалған мәмілелердің нәтижелері:
TSLA_KZ.KZ | |
Залал | (10000) |
Пайда | 7000 |
Пайда | 20000 |
Залал | (1000) |
Бір жылдағы жиыны: | Пайда 16000 |
Барлық мәміленің нәтижелері бойынша инвестор ЖТС бойынша декларацияда 16 000 сомаға салық салынатын кірісті көрсетеді және оны төмендету жағына қарай сол сомаға түзетеді, себебі TSLA – жеңілдік жасалатын акция. Нәтижесінде инвестор ЖТС төлемейді.
Егер бір жыл ішінде TSLA-мен жасалған мәмілелердің нәтижелері бойынша инвестор залалды жүзеге асырса, мұндай залал нөлге тең болар еді. Сондай-ақ бұл залалды болашақ салық кезеңдерінің кірісін азайту үшін келесі жылдарға ауыстыру мүмкін емес.
Мынаны түсіну маңызды: кірісті түзету түріндегі жеңілдік салық төлеушіні декларация тапсыру міндеттемесінен босатпайды. Салық төлеуші қалай да ЖТС бойынша декларацияда кірісті көрсетуге, содан кейін оны осы декларацияның арнайы жолдары арқылы азайтуға міндетті. Егер салық қалай да нөлге тең болады деп есептей отырып, декларация берілмесе, бұл Қазақстанның салық заңнамасын бұзу болады.
3. Эмитенті Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, бірақ шетелдік биржаларда сауда-саттығы жүргізілген бағалы қағаздар.:
Инвестор (жеке тұлға) LSE биржасында AltynGold акцияларымен (тикері — ALTN.EU) белсенді сауда жасаған. Бұл жеңілдік қолданылмайтын бағалы қағаз болып табылады, себебі ол шетелдік биржада айналымда болады және жеңілдік қолдану критерийлеріне сәйкес келмейді.
Жыл ішінде жасалған мәмілелердің нәтижелері:
ALTN.EU | |
Залал | (10000) |
Пайда | 7000 |
Пайда | 20000 |
Залал | (10000) |
Бір жылдағы жиыны | Пайда 7000 |
Барлық мәміленің нәтижелері бойынша инвестор ЖТС бойынша декларацияда 7000 сомаға салық салынатын кірісті көрсетеді және осы табысқа ЖТС төлейді.
Егер мәмілелердің нәтижелері бойынша ALTN.EU бір жыл ішінде инвестор залалды жүзеге асырса, мұндай залал нөлге тең болар еді. Сондай-ақ бұл залалды болашақ салық кезеңдерінің кірісін азайту үшін келесі жылдарға ауыстыру мүмкін емес.
4. Эмитенті Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар, олар бойынша сауда-саттық шетелдік биржаларда өткізілген.
Инвестор (жеке тұлға) NYSE-де Norwegian Cruise Line (NCLH.US тикері) акцияларымен белсенді сауда жасады.
NCLH.US - жеңілдік жасалмайтын бағалы қағаз, себебі ол шетелдік биржада айналысқа түседі және жеңілдік жасалатын өлшемшарттарға сәйкес келмейді.
Бір жыл ішінде жасалған мәмілелердің нәтижелері:
NCLH.US | |
Залал | (20000) |
Пайда | 10000 |
Пайда | 35000 |
Залал | (7000) |
Бір жылдағы жиыны | Пайда 18000 |
Барлық мәміленің нәтижелері бойынша инвестор ЖТС бойынша декларацияда 18000 сомасына салық салынатын кірісті көрсетеді және осы табысқа ЖТС төлейді.
Егер мәмілелердің нәтижелері бойынша NCLH.US бір жыл ішінде инвестор залалды жүзеге асырса, мұндай залал нөлге тең болар еді. Сондай ақ бұл залалды болашақ салық кезеңдерінің кірісін азайту үшін келесі жылдарға ауыстыру мүмкін емес.
5) Сату сәтінде AIX-тің ресми тізімінде болған және шетелдік биржаларда сауда-саттығы жүргізілген бағалы қағаздар.
Инвестор (жеке тұлға) NYSE биржасында Freedom Holding акцияларымен (тикері — FRHC.US) белсенді сауда жасаған.
FRHC.US — жеңілдік қолданылатын бағалы қағаз, себебі ол AIX-тің ресми тізіміне енгізілген және осыған байланысты жеңілдік қолдану критерийлеріне сәйкес келеді.
3. Опциондарды сатып алу-сату
Есепті жыл ішінде туынды қаржы құралдарымен (ТҚҚ) жабық мәмілелер бойынша іске асырылған қаржылық нәтиже.
Брокердің комиссиясын есепке алмай, жабық позициялар бойынша өткізілген пайда ғана ескеріледі, өйткені ТҚҚ бағалы қағаздар болып саналмайды. ТҚҚ операцияларынан болған залал пайдаға байланысты сальдо болмайды және болашақ салық кезеңдеріне ауыстырылмайды. Осылайша, барлық пайдалы мәміле салық салынатын табысқа қосылады, ал залалды мәмілелер есепке алынбайды және салық салынатын кірісті төмендетпейді.
ТҚҚ сатудан келіп түскен кіріс немесе залал FIFO әдісімен айқындалады (First In – First Out, «бірінші болып сатып алдым – бірінші болып саттым»), яғни ТҚҚ олар шотқа келіп түскен ретпен есептен шығарылады. Салық заңнамасы FIFO-ны есептеудің жалғыз міндетті әдісі ретінде белгілейді.
«Оффшор» деген не?
Егер БҚ эмитенті немесе онымен жасалатын мәмілелер жеңілдік жасалатын салық салынатын мемлекетте тіркелген болса, позицияны ашу бағасы мен брокердің комиссиясы есепке алынбайды. Яғни, БҚ сауда-саттық жасағанда, оның эмитенті офшорда тіркелген немесе онымен жасалған мәміле офшорда тіркелген кезде, пайда позицияны жабу бағасына тең болады. Жеңілдік жасалатын салық салынатын мемлекеттердің қолданыстағы тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 492 бұйрығында келтірілген.
4. Дивидендтер, купондар
Есепті жылы шетел эмитенттерінен бағалы қағаздар бойынша дивидендтер және облигациялар бойынша сыйақылар (купондар) түрінде алынған кіріс.
«Кіріс түрі» бағаны нені білдіреді?
Dividend – дивидендтер төлеу.
Dividend_reverted - бұған дейін төленген дивидендті қайтару (қайтарып алу), яғни оның күшін жою; қарама-қарсы белгісі бар жазбаларды көрсету.
Coupon – купон төлеу.
Coupon_reverted - бұған дейін төленген купонды қайтару (қайтарып алу), яғни оның күшін жою; қарама-қарсы белгісі бар жазбаларды көрсету.
Қазақстан Республикасындағы «Белсенді сауда-саттық» бағанасы нені білдіреді?
Қазақстан Республикасындағы «Белсенді сауда-саттық» бағанында белсенді сауда-саттық өлшемшарттарына сәйкес дивидендтер түрінде алынған кіріске босату қолданылатыны не қолданылмайтыны көрсетіледі.
Бағалы қағаз мынадай шарттарды бір уақытта орындаған кезде белсенді сауда-саттық өлшемшарттарына сәйкес келеді:
- Дивидендтер есептелетін күнге AIX/KASE листингі
- Мәмілелер көлемі айына 25 млн-нан астам теңге
- айына 50-ден астам мәміле.
Өлшемшарттарға сәйкестік туралы ақпарат биржалардың мынадай сайттарында қолжетімді:
- KASE: https://kase.kz/ru/shares/
- AIX: https://aix.kz/ru/equity-income-tax-rus/
5. БҚ-мен мәмілелер
Есепті жылы қаржылық нәтиже (пайда немесе залал) алынған бағалы қағаздармен мәмілелер тізбесі.
6. Айырбастау, сплиттер
Есепті жылы корпоративтік оқиғалар бойынша өтемақы түрінде алынған кіріс (сплит, спин-офф, бағалы қағаздарды айырбастау).
«Түрі» бағаны
Split (сплит) – компанияның акцияларын әр акцияның бағасын тепе-тең азайта отырып көбірек санға бөлу. Жалпы нарықтық капиталдандыру өзгермейді. Мысалы, 2:1 сплит – 100 АҚШ доллары тұратын 1 акцияның орнына 2 акцияның құны 50 АҚШ доллары болады.
Spin-off (спин-офф) – еншілес компанияны немесе бөлімшені жеке тәуелсіз заңды тұлғаға бөлу. Бас компанияның акционерлері жаңа компанияның акцияларын өз үлесіне тепе-тең алады.
Conversion (айырбастау) – бағалы қағаздың бір түрін екіншісіне айырбастау. Мысалы, айырбасталатын облигациялар немесе артықшылықты акциялар алдын ала белгіленген коэффициент бойынша жай акцияларға айырбасталады.
«Пайда» бағаны
Split, Spin-off және Conversion операцияларында ақшалай өтемақылар пайда болуы мүмкін. Бұл төлемдер салық салынатын кіріске жатады.
Split: акцияларды бөлгенде үнемі бүтін сан шықпайды. Бөлшек акциялар шықпайды, оның орнына ақшалай өтемақы төленеді.
Мысалы: Инвестордың құны 100 АҚШ доллары тұратын 5 акциясы бар. 3:2 бөлу деп жарияланды. 5 × 1.5 = 7.5 акция болуы керек. 0.5 бөлшек акцияның орнына 50 АҚШ доллары төленеді. Бұл сома салық салынатын кіріске жатады.
Spin-off: жаңа компанияның акцияларын бөлу кезінде бөлшек акциялар пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бас компания кейде еншілес құрылымның бөлшек акцияларының орнына өтемақы төлейді.
Мысал: Инвестор бас компанияның 10 акциясына иелік етеді. Бөлу коэффициенті: бас компанияның 3 акциясы үшін еншілес компанияның 1 акциясы. Еншілес компанияның 10 ÷ 3 = 3.33 акциясы болуы керек. 0.33 бөлшек акция үшін ақшалай өтемақы төленеді. Төлем салық салынатын кіріс болып саналады.
Conversion: облигацияларды немесе артықшылықты акцияларды белгіленген коэффициент бойынша жай акцияларға айырбастау кезінде бөлшек акциялар да пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге, егер айырбасталатын құралдың құны алынған акциялардың құнынан жоғары болса, қосымша ақы төленуі мүмкін. Мұндай қосымша ақы салық салынатын кіріс ретінде де танылады.
Мысал: Инвестор 800 долларға сатып алынған 100 артықшылықты акцияны ұстайды (бір акция үшін 8 АҚШ долларынан). Айырбастау коэффициенті: бір артықшылық үшін 0.947 жай акция. Беруге барлығы: 94.7, 94 тұтас акция беріледі, ал 0.7 бөлшек акция үшін 7.00 (0.7 × 1 10) мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді. Барлық ақша бөлігі салық салынатын кіріс ретінде танылады.
7. Репо
Есепті жылы бағалы қағаздармен РЕПО операциялары бойынша алынған кіріс.
8. 2025 салық есебінің парағы
Жол номері | Атауы | KZT |
1 | Капитал өсімі, соның ішінде: | 157980 |
2 | Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті сатудан түсетін кірістер, оның ішінде: | 42301 |
3 | Жеңілдігі бар бағалы қағаздар құнының өсуінен табыс | 42301 |
4 | KASE бағалы қағаздар құнының өсуінен табыс | 4365 |
5 | AIX бағалы қағаздар құнының өсуінен табыс | 37936 |
6 | Жеңілдігі жоқ бағалы қағаздар құнының өсуінен табыс | - |
7 | РЕПО операцияларынан кіріс | - |
8 | SWAP операцияларынан кіріс | - |
9 | Қазақстанның шегінен тыс мүлікті сатудан түсетін табыс | 115679 |
10 | Жеңілдігі бар бағалы қағаздар құнының өсуінен табыс | 115679 |
11 | KASE бағалы қағаздар құнының өсуінен табыс | 115679 |
12 | AIX бағалы қағаздар құнының өсуінен табыс | - |
13 | Жеңілдігі жоқ бағалы қағаздар құнының өсуінен табыс | - |
14 | Қазақстанның шегінен тыс көздерден түскен кірістер, оның ішінде: | 42392 |
15 | Бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар, оның ішінде: | 42392 |
16 | Бағалы қағаздар бойынша дивидендтер | 42392 |
17 | Бағалы қағаздар бойынша сыйақы | - |
18 | Салық агенті емес тұлғадан алынған өзге кірістер | - |
19 | Салық салынатын жиынтық табыc | 200372 |
20 | ||
21 | Табысты түзету, оның ішінде: | 157980 |
22 | ҚР Салық кодексінің 341-бабына сəйкес түзету | 120044 |
23 | ҚР Салық кодексінің 654-бабына сəйкес түзету | - |
24 | АХҚО Заңының 6-бап 7-тармағына сəйкес түзету | 37936 |
25 | Салық салынатын табыс | 42392 |
Сома
1 жол 2 және 9-жолдардың қосындысына тең
2 жол 3, 6, 7 және 8-жолдардың қосындысына тең
3 жол 4 және 5-жолдардың қосындысына тең
9 жол 10 және 13-жолдардың қосындысына тең
10 жол 11 және 12-жолдардың қосындысына тең
14 жол 15 -жолдардың қосындысына тең
15 жол 16, 17 және 18-жолдардың қосындысына тең
19 жол 1 және 14-жолдардың қосындысына тең
21 жол 22, 23, 24-жолдардың қосындысына тең
25 жол 19 және 21-жолдардың қосындысына тең
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті сатудан келіп түсетін кіріс, оның ішінде: Жеңілдік жасалатын БҚ құнының өсімінен келіп түсетін кіріс
«KZT декларациясына кіріс/залал» бағанындағы мәні 1 жеңілдік жасалу түрі бойынша «БҚ сатып алу-сату» парағынан алынады.
Жеңілдік жасалмайтын БҚ құнының өсуінен келіп түсетін кіріс
«KZT декларациясына кіріс/залал» бағанындағы мәні 2 жеңілдік жасалу түрі бойынша «БҚ сатып алу-сату» парағынан алынады.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүлікті өткізуден келіп түсетін кіріс: Жеңілдік жасалатын БҚ құнының өсімінен келіп түсетін кіріс
«KZT декларациясына кіріс/залал» бағанындағы мәні 3 жеңілдік жасалу түрі бойынша «БҚ сатып алу-сату» парағынан алынады.
Жеңілдік жасалмайтын БҚ құнының өсуінен келіп түсетін кіріс
«KZT декларациясына кіріс/залал» бағанындағы мәні 4 жеңілдік жасалу түрі бойынша «БҚ сатып алу-сату» парағынан алынады.
Қазақстан Республикасынан тыс көздерден келіп түсетін кіріс, оның ішінде: Бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар, оның ішінде:
- Мән «Дивидендтер, купондар» парағының «KZT декларациясындағы кіріс» бағанынан алынады
- Мән «Айырбастау, Сплит» парағының «KZT декларациясындағы кіріс» бағанынан алынады
- Мән «Дивидендтер, купондар» парағының «Репо кіріс» бағанынан алынады
Салық кодексінің 341 бабына сәйкес түзету.
Кірістің мынадай түрлерінің сомасы:
- қазақстандық эмитенттердің KASE-де саудаланатын жеңілдік жасалатын БҚ құнының өсуінен келіп түсетін кіріс
- шетелдік эмитенттердің KASE-де саудаланатын жеңілдік жасалатын БҚ құнының өсімінен келіп түсетін кіріс
- KASE-де саудаланатын облигациялар бойынша сыйақылар (купондар)
- KASE-де саудаланатын акциялар және белсенді сауда-саттықтың тиісті өлшемшарттары бойынша дивидендтер
АХҚО туралы заңның 6-бабының 7-тармағына сәйкес түзету
Кірістің мынадай түрлерінің сомасы:
- қазақстандық эмитенттердің AIX-те саудаланатын жеңілдік жасалатын БҚ құнының өсуінен келіп түсетін кіріс
- шетелдік эмитенттердің AIX-те саудаланатын жеңілдік жасалатын БҚ құнының өсімінен келіп түсетін кіріс
- AIX-те саудаланатын облигациялар бойынша сыйақылар (купондар)
- AIX-те саудаланатын акциялар және белсенді сауда-саттықтың тиісті өлшемшарттары бойынша дивидендтер