Бұл осы кірістерге төлем көзінен ЖТС салық салынғанына байланысты. Қазақстандық жұмыс берушіден алатын жалақыға және қазақстандық контрагенттерден алатын АҚС шарттары бойынша төлемдерге, әдетте, төлем көзінен ЖТС салынады. Тиісінше, ЖТС бойынша декларацияда мұндай кірістерді көрсетудің қажеті жоқ, себебі Сізге осындай кірістерді төлеу кезінде ЖТС ұсталған.
Алайда, егер Сіздің шетелдік жұмыс берушілермен еңбек шарттарыңыз және қазақстандық ЖТС төлем көзінен ұстамайтын шетелдік контрагенттермен АҚС шарттарыңыз болса, Сіз бұл кірістерді ЖТС бойынша декларацияға енгізуге тиіссіз.
Жоғарыда келтірілген барлық ақпарат тек анықтамалық сипатқа ие. Қызмет көрсету регламентіне сәйкес, біз салық салу мәселелері бойынша кеңес бермейміз. Салық салуға қатысты барлық мәселе бойынша Сіз кәсіби салық кеңесшілеріне немесе Қазақстан Республикасының салық органдарына 1414 немесе +7-800-0807777 нөмірлері бойынша жүгінуіңіз керек.
«Фридом Финанс» тобының компаниялары осы ақпаратты пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген салдар үшін жауапкершілік көтермейді. Салық есептілігін жасау кезінде жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының тек қана қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алуға тиіс.