2025 жылғы салық декларациясына арналған есепті алу үшін fbroker.kz сайтына өтіп, «Қолдау» → «Салық декларациясына арналған есеп» бөліміне өтіңіз.
Есепті қалыптастыру үшін қажет:
- Брокерлік шот нөмірін көрсету
- Сұранымды SMS кодымен растау
- Есеп авторизацияланған поштаға жіберіледі
Жоғарыда келтірілген барлық ақпарат тек анықтамалық сипатқа ие. Қызмет көрсету регламентіне сәйкес, біз салық салу мәселелері бойынша кеңес бермейміз. Салық салуға қатысты барлық мәселе бойынша Сіз кәсіби салық кеңесшілеріне немесе Қазақстан Республикасының салық органдарына 1414 немесе +7-800-0807777 нөмірлері бойынша жүгінуіңіз керек.
«Фридом Финанс» тобының компаниялары осы ақпаратты пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген салдар үшін жауапкершілік көтермейді. Салық есептілігін жасау кезінде жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының тек қана қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алуға тиіс.