АҚШ-тың салық резиденттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға АҚШ-тан алынған табыстарға 30% ставка бойынша салық салынады. Бұл, мысалы, америкалық эмитенттердің бағалы қағаздары бойынша дивидендтер мен купондарға қатысты.
Алайда, егер сіз W-8BEN нысанын берсеңіз, онда осындай табыстарға қатысты салық салудың жеңілдікті режиміне (Сіздің салық резиденттігіңізге қарай) үміткер бола аласыз.
Анықтама: W-8BEN - Сіз мыналарды растайтын АҚШ Салық басқармасының (The Internal Revenue Service, IRS) нысаны:
- Сіз АҚШ-тың салық резиденті емессіз;
- Басқа мемлекеттің салық резиденті болып табыласыз;
- Сізге қатысты АҚШ салық заңнамасында және/немесе АҚШ қол қойған салық конвенцияларында көзделген салықтық жеңілдіктерді қолдануды сұрайсыз.
Білген маңызды:
- W-8BEN нысаны АҚШ-та олар бойынша төлемдер салық салуға жататын америкалық бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестицияланғанға дейін берілуге тиіс.
- Ол оған қол қойылған жылдан кейінгі үшінші жыл аяқталғанға дейін не Сіз туралы елеулі ақпарат өзгергенге дейін (мысалы, салық резиденттігі елінің немесе тұратын елінің ауысуы) жарамды.
- Егер жеке деректеріңіз немесе салық резиденттігіңіз өзгеретін болса, сізге жаңартылған нысанды ұсыну қажет.
W-8BEN нысаны - егер Сіз төлемдері АҚШ-та салық салуға жататын бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға ниет білдірсеңіз, толтыруға міндетті америкалық салық нысаны. Мұндай төлемдерге дивидендтер, купондар және олардың баламалары жатады. Мұндай төлемдерге америкалық табыс салығының мөлшерлемесі әдепкі түрде 30% -ды құрайды. W-8BEN нысанын бере отырып, Сіз өзіңіз үшін салық ставкасын мынадай түрде төмендетесіз: Сіздің салық резиденттігіңіздің еліне қарамастан купондарға 0% -ға дейін, Сіздің салық резиденттігі еліне байланысты дивидендтерге 10% -ға дейін.
Толтыру жөніндегі нұсқаулықпен мақалада танысуға болады.
