ЖТС бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына ұсынылады. Ол үшін ЖТС бойынша декларацияда негізгі үлгінің соңғы бетінде «Мемлекеттік кірістер органының коды» бағанында тиісті мемлекеттік кірістер органының кодының алғашқы төрт цифрын көрсету қажет.
Барлық код мына сілтеме арқылы қол жетімді: https://egov.kz/cms/ru/articles/taxes_bin
Жоғарыда келтірілген барлық ақпарат тек анықтамалық сипатқа ие. Қызмет көрсету регламентіне сәйкес, біз салық салу мәселелері бойынша консультация бермейміз. Салық салуға қатысты барлық мәселе бойынша Сіз кәсіби салық кеңесшілеріне немесе Қазақстан Республикасының салық органдарына 1414 немесе +7-800-0807777 нөмірлері бойынша жүгінуіңіз керек.
«Фридом Финанс» тобының компаниялары осы ақпаратты пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген салдар үшін жауапкершілік көтермейді. Салық есептілігін жасау кезінде жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының тек қана қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алуға тиіс.