Финансист №2 (30) 2023

Freedom Holding Corp. немен тыныстауда

Басты оқиғалар дайджесті

Хроника

LD Micro сәуір айында NASDAQ сауда-саттығын бастады

LD Micro компаниясының негізін қалаушы және президенті Крис Лахиджи 21 сәуірде NASDAQ-та негізгі сауда сессиясын салтанатты түрде ашты. 2023 жылдың наурызында LD Micro-ны Freedom холдингі SRAX-тан сатып алды, мәміле сомасы $8 млн-нан асты.

LD Micro NASDAQ-та. Фото: Freedom Holding Corp. баспасөз қызметі

Freedom Holding шахматтан әлем чемпионатының бас серіктесі болды

2023 жылдың 7 сәуірі мен 1 мамыры аралығында Астанада жүлде қоры 2 млн еуро болатын шахматтан FIDE әлем чемпионаты өтті. Әлем чемпионы атағы үшін планетаның екінші және үшінші шахматшылары Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь сайысты. Тай-брейк қорытындысы бойынша қытайлық гроссмейстер күштірек болды. Біріншіліктің бас серіктесі Freedom Holding болды.

Freedom Broker компаниясы қазақстандық бондтарды орналастыруды ұйымдастырушылар арасында көш бастап тұр

Cbonds «Фридом Финанс» АҚ-ны қазақстандық облигацияларды орналастыруды ұйымдастырушылардың ранкингінде бірінші орынға қойды, барлық эмиссиялар бойынша. Компания бес эмитент үшін 124 млрд теңгеге ($274,5 млн*) 10 облигациялық шығарылымды нарыққа шығаруға көмектесті, бұл нарықтың 50%-ын қамтамасыз етті.

Freedom Holding Aviata және Chocotravel сервистерін сатып алады

24 сәуірде компания Choco холдингінен Aviata және Chocotravel сервистеріндегі 100 пайыздық үлесті сатып алғанын хабарлады. Мәміленің жалпы сомасы $32,3 млн құрайды.

Amadeus порталының нұсқасы бойынша, Aviata.kz және Chocotravel.com — ТМД-да автоматтандыру деңгейі ең жоғары онлайн-билет агрегаторлары. Барлық билеттерді қайтару операцияларының 76%-ы автоматты режимде бірден жүреді, бұл өнімді жиі ұшатындар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз етеді. Сонымен қатар, Aviata.kz және Chocotravel.com — Қазақстандағы саяхат нарығындағы ең танымал брендтердің бірі, бұл ретте EUSAT қызмет көрсету сапасын бағалау, 5 жұлдыз берген адамдар саны, 96%-ды құрайды.

Freedom компаниялар тобы Қазақстандағы әлеуметтік және экологиялық жобаларға қолдау көрсетуді жалғастыруда

5 сәуірде БҰҰ ұйымдастырған «Қазақстандағы тұрақты бизнес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тимур Турлов Freedom ұсынған әлеуметтік жобалар туралы айтты. Сәуір айында Freedom Broker Семей қаласында жаттығатын «Елімай» футбол клубына демеушілік қолдау көрсету туралы келісім жасасты. Компания алаңды итальяндық жасанды көгалдармен жабдықтауды және «Спартак» стадионында электронды табло орнатуды қаржыландырады.

4 мамырда Қазақстанның 14 қаласында өткен Super Bol спорттық реалити-шоуының екінші маусымы басталды. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға кәсіби футбол клубтарымен келісімшарт жасау ұсынылады. Жобаның демеушісі — «Спорт технологиялары» қоғамдық қорының ұйымдастырушылық қолдауымен Freedom тобы.

Freedom Broker KASE Day in Tashkent-ке қатысты

27 сәуірде Өзбекстан астанасында Қазақстан қор биржасының KASE Day in Tashkent іс-шарасы өтті. Freedom Broker басқарма төрағасы Сергей Лукьянов KASE акциялар нарығы, биржаның негізгі даму кезеңдері және Қазақстанның көк фишкалары туралы айтып берді.

*ҚР Ұлттық банкінің 31.03.2023 жылғы бағамы бойынша

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!