Финансист №2 (30) 2023

Қазақстан Ұлттық Банкі: дүниетанымды кеңейте отырып

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сарапшылары — елдің банк жүйесіндегі үрдістер туралы

Особое мнение

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кеңсесі. Фото: ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі

Қаржылық қызметтер нарығы ауқымды өзгерістерді басынан кешуде. Технология ғана емес, тұтынушылардың банктерге деген көзқарасы және олардың қазіргі әлемде атқаратын рөлдері де өзгеруде. Бұл мақалада біз өзгерістердің негізгі драйверлерін және Қазақстанның қаржы институттарының алдында тұрған сын-қатерлерді талдаймыз.

Ішкі мүмкіндіктер

Тұтынушылар төлем сервистерінің сапасына, жылдамдығына, құнына және қолжетімділігіне барған сайын талапшыл бола түсуде. Бұл қызмет провайдерлерін клиенттердің қажеттіліктеріне қарай өзгеруге мәжбүр етеді. Қазақстанда диджитализацияның алдыңғы қатарында барлық базалық қызметтерді цифрлық кеңістікке ауыстырған, олардың ассортиментін белсенді түрде кеңейтіп, инновациялық сервистер құратын банктер тұр. Онлайн-технологиялар мен цифрлық банкингті пайдалануға негізделген жаңа бизнес-модельдер пайда болып, біртіндеп енгізілуде. Бүгінгі таңда мобильді қосымшалар қаржылық және мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесі болып табылады.

Сонымен қатар, елдегі финтех-қауымдастықтар, оның ішінде банктік емес төлем ұйымдары да өз сервистерін дамытуда. Финтех-компаниялардың кооперациясы, олардың қызметтерін қолданыстағы банк бизнесіне интеграциялау көрсетілетін қызметтер спектрін және тұтынушыларды қамтуды кеңейтеді, оның ішінде мұндай компаниялардың мобильділігі есебінен. Финтех-сервистер банктермен өзара іс-қимыл жасай отырып, күнделікті процестерді автоматтандыруға, маркетинг пен клиенттермен коммуникацияны оңтайландыруға, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Теңге символы. Фото: ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі

Банк экожүйелерін дамытудың осы кезеңінде олардың үздіксіз әрі жылдам өзара іс-қимылы маңызды мәселе болып отыр. Бұл тұтынушыларға бір банктің инфрақұрылымымен шектелмей, неғұрлым тиімді және ыңғайлы сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, халық арасында танымал кейбір сервистер әр алаң үшін эксклюзивті және жеке болып табылады. Оларды нөлден бастап іске асыру үлкен инвестицияларды қажет етеді, ал бұл қаржы нарығының барлық қатысушыларына бірдей қолжетімді емес.

Осыған байланысты неғұрлым перспективалы бағыттардың бірі — ашық банкинг (Open Banking) қағидаттарын дамыту. Олар қатысушыларға ақпаратпен қауіпсіз алмасуға, сондай-ақ жекелеген сервистерді өзара тиімді шарттармен бір-біріне ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл сервистерді қолдау мен ілгерілету шығындарын төмендетеді.

Айта кету керек, Ұлттық Банк Open Banking және Open API платформасын әзірлеп жатыр. Оның аясында жыл соңына дейін пайдаланушының келісімімен оған қызмет көрсететін қаржы институттары арасында шоттар бойынша деректер алмасу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Сыртқы сын-қатерлер

Қаржы саласының цифрлануы танымал әрі маңызды сұрақты алға шығарады: криптовалюталар классикалық банкингті алмастыра ала ма? Біздің ойымызша, бұл мүмкін емес. Классикалық банкинг эмитенті орталық банктер болып табылатын фиат ақшаны пайдаланады. Олар шығарылған ақша бойынша міндеттемелерді де өз мойнына алады, ал криптовалюталардың ішкі құны жоқ, заңды түрде міндетті тұлғалары жоқ, олар елеулі ауытқуларға ұшырайды және т.б.

Классикалық банк инфрақұрылымынан толық бас тарту және әлемдік қаржы жүйесінің криптовалюталармен есеп айырысуға көшуі қаржы дағдарыстарын, азаматтардың өз қаражатын жаппай жоғалтуын, дәстүрлі нарықтардың және жалпы әлемдік экономиканың тұрақсыздануын туындатуы мүмкін.

Тұтынушыларды қорғауды және макроқаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, бірақ технологиялардың дамуына кедергі келтірмей, теңгерімді реттеушілік тәсілді ұстанған дұрыс.

Банк саласына әсер ететін тағы бір маңызды тренд — әлемдік экономиканың долларсыздануы, елдердің біртіндеп ұлттық валюталармен есеп айырысуға көшуі. Оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бұл процесс валюталарды айырбастауға байланысты шығындардың, сондай-ақ шетелдік делдал банктердің комиссияларының қысқаруы есебінен елдер арасындағы сауда көлемін арттырады және жергілікті қаржы жүйесінің долларсыздану процесіне ықпал етеді.

Алайда ұлттық валюталардағы өзара есеп айырысу көлемінің өсуіне объективті шектеулер бар. Оларға сауда ағындарының теңгерімсіздігі және соның салдарынан жергілікті валюта нарықтарындағы өтімділіктің жеткіліксіздігі жатады.

Теңге символы. Фото: ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі

Адамдарға арналған банк

Америкалық банк жүйесіндегі өсіп келе жатқан проблемалар, бірқатар ірі ойыншылардың нарықтан кетуі қаржы институттары үшін тұрақтылық критерийлері және клиенттердің оларға деген сенімінің маңыздылығы туралы мәселені тағы да көтерді.

Естеріңізге сала кетейік, жаһандық банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын белгілеу үшін Базель банктік қадағалау комитеті (BCBS) үш құрамдас бөлікке негізделген Базель қағидаттарын құрды: капиталға қойылатын минималды талаптар, қадағалау бақылауы және нарықтық тәртіп. Бұл ретте өзгермелі нарықтық конъюнктураға және жаңа сын-қатерлерге жауап ретінде BCBS банк қызметін тиісті реттеу мәселесін ұдайы пысықтайды және елдердің қаржы жүйелері үшін тәуекелдерді бақылау және азайту мақсатында жаңа талаптар мен ұсынымдарды таратады.

Клиенттердің сенімі банк жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету есебінен артуы тиіс. Сонымен қатар, банкті таңдаудағы негізгі критерийлер, әдетте, қаражаттың қолжетімділігі, комиссиялар мен пайыздық мөлшерлемелер деңгейлері, клиенттерге қызмет көрсету сапасы, өнім желісі, мобильді қосымшалардың ыңғайлылығы сияқты факторлар болып табылады.

Телефон арқылы төлем жасау. Фото: ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!