Финансист №2 (30) 2023

Орынды инвестициялар

Бағдарламалық жасақтама жасаушылардың, литий өндірушілерінің, қаржы секторы мен фрамацевтика саласының акциялары орта мерзімдік инвестициялар үшін тартымды

Инвестидеялар

Ірі инвестициялық компаниялар мен ETF провайдерлерінің бірі $9,09 трлн активтерді басқарады. Қаржы секторы үшін дәстүрлі қызметтерден басқа, BlackRock (BLK) технологиялық қызметтерді ұсынады, бұл оған бизнестің өсуіне шексіз мүмкіндіктер береді. Қызмет бағыттарын әртараптандыру есебінен эмитенттің табысы соңғы бес жылда 39% операциялық маржамен орта есеппен 5,6%-ға артады. Компания үнемі акцияларды сатып алуды жүзеге асырады. 2023 жылға арналған buy back бағдарламасына $1,5 млрд салынды. Тоқсандық дивидендтің бір акцияға $5 дейін ұлғаюының арқасында төлемдердің кірістілігі жылдық 2,98%-ға жетті.

Albemarle (ALB) басшылығы 2030 жылы жаңа жобалардың есебінен литий өндірісін бес есеге жуық арттыруды жоспарлап отыр. Осы жоспарлар аясында АҚШ-та $1,2 млрд-қа литий өңдейтін кәсіпорын салынады, бұл компанияның өндірістік қуатын екі есеге арттырады. Электр машиналарын өндіруде қолданылатын осы металдың құнының төмендеуі ALB бағасының төмендеуіне себеп болды, алайда 2024 жылға қарай әлемде 10 мың тонна көлемінде литий тапшылығы күтілуде. S&P Global бұл шикізаттың жетіспеушілігі 2027 жылға дейін жалғасады деп есептейді және бұл металл бағасының өсуін қамтамасыз етеді және Albermarle баға ұсыныстарын қолдайды.

Компания өз класындағы ең жақсы смартфон шешімдерін жеткізеді, өз сегменттерінде көшбасшылық позицияларын сақтай отырып, бизнестің жаңа қарқынды дамып келе жатқан бағыттарын (IoT, Automotive) белсенді дамытуда. Сонымен қатар, жылдың соңына қарай Qualcomm (QCOM) компьютерге арналған микропроцессорлар нарығына шығуға дайындалып жатыр. QCOM акцияларының ағымдағы нарықтық бағасы соңғы нарықтардағы белсенділіктің әлсіреу тәуекелдерін ескере отырып, өте тартымды деңгейде және компанияның ұзақ мерзімді әлеуетін көрсетпейді. 2024–2025 жылдардағы смартфондар нарығындағы айтарлықтай құлдыраудан кейін оның қалпына келуі күтілуде, бұл Qualcomm-тың бос ақша ағынының өсуіне ықпал етеді.

Pfizer (PFE) менеджменті танымал препараттарға патенттердің аяқталуына байланысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған. Компания 2030 жылға қарай кірістің ықтимал жоғалуын $17 млрд деп бағалайды, бұл ретте Global Blood (GBT) сатып алу және Seagen (SGEN) сатып алу арқылы бұл тәуекел көп жағдайда өтеледі. M&A және жаңа препараттарды әзірлеудің арқасында $25 млрд қосымша кіріс пайда болады деп күтілуде. 2023 жылдың екінші жартыжылдығында COVID-19 емдеуге қатысы жоқ препараттардан түсетін түсімнің өсуі 12 жаңа дәрі мақұлданған жағдайда жеделдетілуі мүмкін. Жаңа өнімдердің шығуы бизнестің ұзақ мерзімді перспективаларын нарықтық бағалауды жақсартуға ықпал етеді.

45% үлесі бар NoSQL дерекқорына негізделген қызметтер нарығындағы көшбасшы. Макро жағдайлардың қысымын сезінетін көптеген бағдарламалық жасақтама жасаушылардан айырмашылығы, MongoDB (MDB) жаңа бизнесті дамыту мүмкіндігін сақтап қалды. Компания тұрақты рентабельділікке және бос ақша ағындарын құруға ставка жасайды. NoSQL әлемдік нарығының көлемі 2022 жылы $7,3 млрд-қа жетті және 2028 жылға қарай орташа жылдық өсу қарқыны 29,92%-бен $35,7 млрд-қа дейін өседі деп күтілуде.

Жасанды интеллект (AI) бағдарламалық жасақтамасын өндіруші 2024 қаржы жылының соңына қарай ақшалай шығындардың күрт төмендеуі және сатылымның өсуі арқылы пайда табуды жоспарлап отыр. Компания құрылған сәттен бастап корпорациялардың қызығушылығы ең жоғары деңгейге жетті: соңғы есепті тоқсан ішінде C3.ai (AI) 43 мәміле жапты, оның ішінде 19 пилоттық мәміле. Тұтастай алғанда, корпорациялардың тоқсандық есептерінде АИ туралы ескертулер 64% ж/ж өсті, бұл АИ технологияларына шығындарды ұлғайтудың айтарлықтай әлеуетін білдіреді.

Monday (MNDY) I тоқсандағы кірістің айтарлықтай өскенін хабарлады. Компанияның кірісі 50% ж/ж-ға, $162,3 млн-ға дейін өсті, эмитент $38,7 млн-ды құрайтын бос ақша ағындарын белсенді түрде құра бастады. Компания корпоративтік клиенттер базасын әлі де сенімді түрде кеңейтуде. Шоттардағы $935,6 млн ақшамен және қарыздың жоқтығымен MNDY балансы тұрақты болып көрінеді, бұл өтімділік тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді.

Корпорация Google I/O әзірлеушілерінің конференциясын өткізді, онда жаңартылған өнімдер ұсынылды, оның ішінде АІ технологиясына қатысты өнімдер: Cloud, Workspaces, Docs, Maps және Photos. Осы қызметтердің көпшілігінің пайдаланушы базасы 1 млрд-тан асады және Alphabet (GOOGL) бұл қызметтерді AI көмегімен монетизациялауды едәуір арттыра алады. Сонымен қатар, жақында компания кері сатып алу бағдарламасын $70 млрд-қа дейін ұлғайту туралы жариялады. Сонымен қатар, хедж-қорлар тарапынан 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында олардың позициясын белсенді түрде арттырған қағаздарға айтарлықтай жоғары қызығушылық байқалады.

Апсайдтар мен котировкалар 16–17 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылған

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!