Финансист №1 (29) 2023

Алина Попцова

Алина Попцова

Freedom Finance Global талдаушысы

Ай да Дубай!

Мұнай-газдың қарғысын қалай жеңуге болады — БАӘ тәжірибесі

Опыт

Ұзақ уақыт бойы Араб Әмірліктері шикізат экономикасының айқын мысалы болып келді. Бүгінде бұл мемлекет табыс құрылымын қайта құрып, мұнай-газ индустриясымен байланысты емес салаларды, соның ішінде жылжымайтын мүлік секторын белсенді дамытып жатыр, сондай-ақ халықаралық қаржы орталығын құруда. Соңғысы туралы толығырақ тоқталайық.

Араб сандары

БАӘ дамыған экономикалардың тәжірибесін пайдалана отырып, жергілікті капитал нарығын кеңейтуде. Үкімет 10 негізгі мемлекеттік кәсіпорынның акцияларын биржаға шығаруды жоспарлап отыр. Осыған байланысты БАӘ сауда алаңдарында бірқатар қызықты жария орналастырулар өтті. 2022 жылы 72 IPO барысында жиынтық түрде $23,76 млрд тартылды. Сәуір айында өткен Дубай электр энергиясы және су ресурстары басқармасы (DEWA) қағаздарын орналастыру айтулы оқиға болды, оның аясында компания $6,1 млрд алды.

БАӘ-нің басты биржасы Dubai Financial Market (DFM) өткен жылғы барлық IPO-ның 66%-ын өзіне тартты. Жаңа ірі листингтер мен котировкалардың өсуі есебінен DFM капиталдануы шамамен 49% ж/ж өсіп, $155,6 млрд-қа жетті. Алаңдағы сауда-саттықтың жалпы айналымы 44% ж/ж өсіп, $22,8 млрд болды.

Әмірліктер үкіметі экономиканы әртараптандыруға және көмірсутектер нарығына тәуелділікті азайтуға тырысқанымен, өндіруші сектор ел үшін әлі де жоғары маңызын сақтап отыр. FactSet сауалнамасына қатысқан аналитиктердің бағалауы бойынша, ол ЖІӨ-нің 30%-дан астамын және БАӘ экспортының шамамен 56–60%-ын қалыптастырады. Өткен жылдың басында мұнай бағасының өсуі арқасында iShares MSCI UAE ETF (UAE) биржалық қоры акцияларының құны ақпан-сәуір айларында 18%-ға өсті. Алайда наурызда БАӘ Орталық банкі АҚШ ФРЖ-ның соңынан негізгі пайыздық мөлшерлемені көтере бастады, бұл инвесторлардың өңірлік қағаздарға деген қызығушылығын әлсіретті. 56%-ы қаржы және девелоперлік компаниялардың акцияларынан тұратын UAE қоры 2023 жылдың 6 ақпанына қарай өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға арзандады.

Еркін қаржы

Макроэкономикалық жағдайдың нашарлауына қарамастан, финтех-сектор компаниялары өткен жылы БАӘ-де $1,85 млрд, немесе венчурлық қаржыландырудың 34%-ын алды.

Дубай әмірлігінің инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін тартымдылығының негізгі факторлары — қолайлы бизнес-орта және фискалдық режим. 2023 жылы 9% мөлшеріндегі жаңа корпоративтік табыс салығы енгізілгенімен, стартап негізін қалаушылар әлі де дивидендтер мен жеке тұлғалардың табысына нөлдік салықтарды пайдалана алады. Сонымен қатар, елде 45 еркін экономикалық аймақ бар, оның 21-і Дубайда орналасқан. Оларда тіркелген кезде бизнес салықтардан босатылады және бірқатар басқа жеңілдіктер алады.

Технологиялық стартаптар үшін басты хаб және өңірде қаражат тартудың жетекші алаңы Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) болды. Онда 100% шетелдік капиталы бар компаниялар жұмыс істей алады, бұл ретте валюта мен пайданы шығаруға шектеулер жоқ. Сонымен қатар, DIFC ішіндегі қаржылық қызметті тәуелсіз реттеуші — Дубайдың қаржылық қызметтер басқармасы және ерекше сот жүйесі реттейді.

Орталық аумағында өңірдегі жалғыз ағылшынтілді жалпы құқық соты, АҚШ пен Ұлыбританиядағыдай, сондай-ақ DIFC-тің өз соттары және Dubai Courts орналасқан. Осылайша, батыс инвесторлары үшін үйреншікті құқықтық орта қалыптасады.

Сонымен қатар, Әмірліктер оншорлық* және офшорлық венчурлық қорларды дамытуды жалғастыруда. 2022 жылдың көктемінде Дубайдың тақ мұрагері және Атқарушы кеңесінің төрағасы стартаптар мен кәсіпкерлерді қолдау үшін көлемі $100 млн болатын венчурлық қордың іске қосылғанын жариялады.

*Толық салық салынатын, салықтық жеңілдіктер берілмейтін аумақтар

Мұнай-газ кірістерін тиімді инвестициялау, құқықтық реформалар және фискалдық ынталандыру БАӘ-де макроэкономикалық революцияға әкелді. Биліктің әрекеттері шетелдік инвесторлардың салым көлемін арттыруға және бір кездері толықтай шикізаттық болған экономиканы сапалы қайта құрудың драйвері болып отырған адами капиталды ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!