Финансист №1 (29) 2023

Шыңғыс Қанапьянов

Шыңғыс Қанапьянов

ITS бас директоры

«ITS бағалы қағаздардың халықаралық нарығына шығу нүктесі болады»

Қазақстанда ITS жеке инвесторлар үшін жаңа сауда-саттық алаңы жұмыс істейді. "Қаржыгерге" берген сұхбатында оның бас директоры Шыңғыс Қанапьянов платформа жұмысының ерекшеліктері мен классикалық биржалардан артықшылығы туралы айтты

Бастауға

Фотосурет: ITS баспасөз қызметі

ITS деген не?

ITS — бұл шетелдік компаниялардың акциялары сатылатын Қазақстанда орналасқан жаңа халықаралық сауда алаңы. ITS классикалық мағынадағы биржа емес, инвесторларға жаһандық қаржы нарығының мыңдаған инвестициялық өнімдеріне оңай қол жеткізуге мүмкіндік беретін көпжақты сауда-саттық платформасы, multilateral trading facility, MTF, болады. Бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырудың бұл түрі Еуропада кең таралған.

ITS-те Қазақстаннан, сондай-ақ ТМД елдерінен және Азиядан, атап айтқанда Түркиядан келген инвесторлар АҚШ, Еуропа және Азия компанияларының акцияларымен мәмілелер жасай алады. Бұған әлемнің жетекші алаңдары деңгейінде нарықтың өтімділігін қамтамасыз ететін 16 сағаттық сауда сессиясы мен технологиялар ықпал ететін болады.

Логотип ITS. Дереккөз: ITS баспасөз қызметі.

Құралдардың кең жиынтығы инвесторларға кез келген нарықтық жағдайда, мейлі ол тәуекелді активтерге жаһандық сұраныс болсын, немесе, керісінше, тәуекелден бас тарту және қорғаныс құралдарына сұраныс болсын, ақша табуға мүмкіндік береді. Осының бәрін ескере отырып, біздің алаң халықаралық инвесторлар үшін тартымдылық нүктесіне айналады деп санаймыз.

ITS-тің пайда болуы Қазақстанда жалпы инвестицияларға қызығушылықтың өсуіне ықпал ететін болады. Алаң жергілікті және халықаралық инвесторларды тартады, бұл өз кезегінде жергілікті қор нарығының дамуына оң әсер етеді және қазақстандық эмитенттердің қағаздарына сұранысты арттырады.

ITS-тің бәсекелестік артықшылығы неде?

ITS жаһандық қаржы нарығының мыңдаған бағалы қағаздарына қарапайым қолжетімділік береді. Біздің алаңның басқа биржалардан басты айырмашылығы — Қазақстанда жаһандық өтімділік хабын құруға мүмкіндік беретін және халықаралық бағалы қағаздар нарығына кіру нүктесі болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастыру нысаны. Маңызды тұсы бар: ITS-те басқа биржаларда котировкасы бар қағаздар ғана саудаланады. Яғни ITS тек қайталама листингті жүзеге асыра алады, бірақ IPO жүргізбейді.

Платформа жұмысының басында онда екі мыңнан астам шетелдік бағалы қағаз, акциялар және ETF, қолжетімді болады, бұл біздің өңірдің классикалық биржаларымен салыстырғанда бірнеше есе көп. Болашақта ITS-тегі құралдар саны кеңейеді.

Сауда-саттыққа қол жеткізу құны минималды лоттардың арқасында төмен болады. ITS-те инвестор тіпті бір акциямен де мәміле жасай алады, бұл портфельдің тәуекелдерін азайтады және оны әртараптандыру құнын төмендетеді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы.
Фотосурет: shutterstock.com

Сауда-саттық аптасына бес күн Астана уақыты бойынша 11:00-ден келесі күнгі 03:00-ге дейін өтеді. Мұндай ұзақ сессия Азия, Еуропа және Америка биржаларының жұмыс уақытын қамтиды, инвесторларға тәуекелдерді тиімді басқаруға, бүкіл әлемдегі корпоративтік және экономикалық жаңалықтарға жауап беруге және инвестициялық портфельдерін жедел түзетуге мүмкіндік береді. Сауда сессиясының ұзақтығы арқасында таңертеңгі және күндізгі уақытта ITS көптеген шетелдік қағаздар бойынша баға белгілеу мен өтімділіктің ірі жаһандық орталығы болады.

Сонымен, ITS жүрегі — біздің алаңды халықаралық деңгейге шығаратын және бизнес-модельдің негізінде жатқан технологиялар. Smart Order Routing технологиясы және Best Execution қағидаты инвесторларға жаһандық нарықтағы ең жақсы бағалармен мәміле жасауға мүмкіндік береді. Инвестор бағалы қағазды сатып алуға немесе сатуға өтінім жібергенде, сауда жүйесі ITS пен басқа халықаралық алаңдардағы бағаларды салыстырады және өтінімді инвестор үшін ең тиімді бағамен әрі қажетті көлемде орындайды.

Айта кеткім келеді, біз Қазақстандағы биржалармен бәсекелеспейміз, керісінше олардың сервистерін толықтырып, қазақстандық және шетелдік бағалы қағаздар үшін өтімділік пулын кеңейтеміз, бұл елдегі бүкіл нарықтың дамуына ықпал етеді.

ITS-те қандай бағалы қағаздар ұсынылады?

Бұл S&P 500, Dow Jones Industrial Average, Nasdaq Composite және DAX 30 сияқты жетекші қор индекстеріне кіретін Apple, Disney, Tesla, Uber және басқа да көптеген компаниялардың акциялары.

Алаң қашан жұмыс істей бастайды?

ITS «Астана» халықаралық қаржы орталығында, АХҚО, тіркеуден өтті және біз ITS-тегі сауда-саттық барлық қажетті реттеуші рұқсаттарды алғаннан кейін басталады деп есептейміз.

Жеке инвестор ITS-ке қалай қол жеткізе алады?

Жеке инвестор ITS-те делдалдар — брокерлер немесе банктер арқылы, яғни АХҚО-да аккредитациядан өткен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары арқылы сауда жасай алады.

Өз индекстеріңізді есептеуді іске қосуды жоспарлап отырсыздар ма?

Иә, біз өз қор индекстеріміздің жеке желісін құруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, құрамына қазақстандық және халықаралық компаниялардың акциялары кіретін бенчмаркты есептейтін боламыз. Алғашқы индексімізді сауда-саттық басталғаннан кейін жарты жылдың ішінде іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Алаңда Еуропада бастапқы листингі бар қағаздар саудалана ма? Мысалы, Adidas немесе Infineon Technologies?

Бірінші кезеңде ITS-те АҚШ-та листингі бар еуропалық компаниялардың акциялары мен депозитарлық қолхаттары қолжетімді болады, мысалы Ferrari және Manchester United. Біз әртүрлі юрисдикцияларды қарастырып, олардың қағаздарын листингке шығару мүмкіндіктерін пысықтап жатырмыз.

Фотосурет: shutterstock.com

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!