Финансист №1 (29) 2023

Алина Алдамберген

Басқарма төрағасы, Қазақстан қор биржасы (KASE)

«Маңызды трендтердің бірі — жеке инвесторлардың саны және олардың белсенділігінің өсуі»

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) БасқарманыңТөрағасы Алина Алдамберген — сауда-саттық алаңының өткен жылғы жұмыс нәтижелері және келешегі туралы

От первого лица

Фото: KASE баспасөз қызметі

Сіз 2022 жылдың қорытындысын қалай бағалайсыз және биржаның 2023 жылға жоспарлары қандай?

Әлемдік нарықтардағы тұрақсыздыққа, инфляцияның жеделдеуіне және ақша-кредит саясатының қатаюына қарамастан, KASE жоғары көрсеткіштер көрсетті және Ресей-Украина қақтығысымен байланысты құбылмалылықты тиімді еңсере алды.

Биржадағы сауда-саттықтың жалпы көлемі екінші жыл қатарынан тарихи максимумдарды жаңартып келеді. Егер 2021 жылы айналым 47,8%-ға өсіп, 174,4 трлн теңгеге жетсе, өткен жылы 50%-ға артып, 261,6 трлн теңгені құрады. Бірінші жағдайда динамикаға пандемиядан кейінгі бум және бүкіл әлемдегі экономикалық белсенділіктің қалпына келуі оң әсер етті, ал екінші жағдайда санкциялардың енгізілуі, банктердің кредиттік портфельдерді сатуы, нарықтық позициялардың жабылуы, рубль-теңге және юань-теңге валюта жұптарымен сауданың жандануы шешуші фактор болды.

ҚР биржасында ұсынылған бағалы қағаздар саны 786-дан 923-ке дейін өсті, ал эмитенттер саны 210-нан 258-ге дейін артты. Біз халықаралық бағалы қағаздармен сауда жасауға арналған KASE Global жеке секторын іске қостық, онда 46 акция және 6 ETF қолжетімді. Биржа жеке инвесторлар үшін шетелдік құралдардың тізбесін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ біз ESG-жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтудеміз. Алаңда жалпы сомасы 125,7 млрд теңгеге ESG-облигациялардың тоғыз шығарылымын сатып алуға болады.

*Экологияға, әлеуметтік салаға және корпоративтік басқаруға жауапкершілікпен қарау қағидаттарына негізделген коммерциялық қызметтің тұрақты даму жобалары

2022 жылдың маңызды трендтерінің бірі жеке инвесторлар санының және олардың жергілікті нарықтағы белсенділігінің өсуі болды. Сауда үшін қолжетімді құралдар желісін кеңейту, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) ірі IPO-сын өткізу, брокерлік қызметтерді ауқымды цифрландыру және брокерлердің де, банктердің де мобильді қосымшалары арқылы мәмілелер жасау мүмкіндігі осы трендті қалыптастырған негізгі факторларға айналды. Орталық депозитарийдің деректері бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарда жеке тұлғалардың 547 мың қосалқы шоты ашылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 341 мыңға көп. Жалпы, қазақстандық капитал нарығындағы инвесторлар саны 1 млн-ға дейін өсті, бұл ретте жеке тұлғалардың 400 мың шоты банктік қосымшалар арқылы ашылды.

Дереккөз: kase.kz

2023 жылы KASE сауда-саттыққа жаңа құралдарды енгізуді, маркетмейкерлерге арналған бағдарламаларды жандандыру есебінен өтімділікті арттыруды, жаңа эмитенттер мен биржа мүшелерін тартуды, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қор нарығына шығуын ынталандыруды, digital-технологияларды және жасыл қаржыландыруды дамытуды жалғастырады.

Біз сондай-ақ блокчейн технологиясы негізінде жаңа өнімдермен сауда-саттықты ұйымдастыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу мүмкіндігін белсенді түрде зерттеп жатырмыз.

ҚМГ IPO-сын қалай бағалайсыз? Оны сәтті деп атауға бола ма?

Бұл орналастыру Қазақстандағы ең ірі орналастыру болды. Эмитент 153,9 млрд теңге, немесе шамамен $330 млн тартты. Біз нарықтың тереңдігі мен инвесторлар саны толықтай жергілікті IPO өткізуге мүмкіндік беретінін мақтанышпен айта аламыз. Бұл жаңа қаржыландыру көздерін іздейтін қазақстандық кәсіпорындар үшін де, акционерлерінде биржаға шығу стратегиясы бар компаниялар үшін де маңызды.

ҚМГ IPO-сы жергілікті инвесторлардан тартылған инвестициялар сомасы бойынша да, жалпы қатысушылар саны бойынша да рекордтық болды, олардың саны 70 мыңнан асты. Қазақстан азаматтары 74,6 млрд теңге сомасына 128,7 мың өтінім берді. Олардың негізгі бөлігі KASE алаңы арқылы ұсынылды.

Биржа үшін бұл орналастыру үшінші «халықтық» IPO болды, олардың әрқайсысы азаматтардың қор нарығына деген қызығушылығын айтарлықтай арттырды. 2012 жылы ҚазТрансОйл акцияларын сатып алуға 34,7 мың өтінім берілді, 2014 жылы KEGOC IPO-сы барысында бұл көрсеткіш 42 мыңға жетті. Мұндай оқиғалар қазақстандық қор нарығының Emerging Markets рейтингін алу ықтималдығын арттырады.

Биыл біз Air Astana ұлттық әуе тасымалдаушысы мен Самұрық-Энергоның жасыл портфелін: Green Co және SPO KEGOC биржасында орналастыруды күтеміз.

Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіп жүрсіз бе?

Біз үшін бұл KASE қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Біз инвесторлар үшін де, бизнес өкілдері үшін де оқыту жүргіземіз: қор нарығы қаржылық жоспарларды жүзеге асыруға және нақты міндеттерді шешуге қалай көмектесетінін, белгіленген мақсаттарға сай инвестициялық портфельді қалай құру керектігін және ол үшін қандай құралдар қажет екенін түсіндіреміз. Көптеген басқа да тақырыптарды қозғаймыз. Біздің білім беру бағдарламаларымыз бен семинарларымыз брокерлермен бірлесіп өткізіледі.

KASE жыл сайынғы «Биржалық симулятор» конкурсын өткізеді, оған Қазақстанның кез келген азаматы дерлік қатыса алады. KASE Talks жобасы аясында қаржы нарығының кәсіби мамандары бағалы қағаздар нарығын дамытуға, IPO өткізуге және қаржыландырудың түрлі құралдарын пайдалануға қатысты мәселелерді талқылайды. Биржа Business FM радиостанциясында «KASE биржалық жаңалықтары» жаңалықтар бағдарламасын шығаруды жалғастырып, басқа да білім беру жобаларын іске асыруда.

Баршаңызға сәтті инвестициялар тілеймін және сіздерді KASE-де күтеміз!

KASE командасы және «ҚазМұнайГаз» ҰК эмитент қағаздарының KASE-дегі сауда-саттығын салтанатты ашу рәсімінде. Дереккөз: KASE баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!