Финансист №1 (29) 2023

Тимур Лебедев

Тимур Лебедев

Freedom Finance Global аға талдаушысы

Қарыз болған ел

Emerging Markets облигацияларын сатып алуға тұра ма

Зертхана

Дамушы елдердің, EM, еуробондтары, шетел валютасындағы облигациялар, 2022 жылдың соңында инвесторлар арасында танымал болды. АҚШ пен Еуропада рецессия ықтималдығы артып келе жатқанда, сарапшылар EM жалпы өнімінің өткен жылғы 2,2%-дан 2023 жылы 4,1%-ға дейін, екі есеге жуық өсуін болжайды.

Осы мемлекеттердің еуробондтарының кірістілігі тартымды мәндерге жетті: инвестициялық деңгейдегі долларлық қағаздар үшін орташа есеппен 5,1% және жоғары кірісті қағаздар үшін 10,3%. Оларға назар аудару керек пе және инвестор қандай нюанстарға ерекше көңіл бөлуі қажет?

Көршіңізге қарыз беріңіз

COVID-19 пандемиясынан кейін дамушы экономикалар баяу қалпына келді. Энергия тасымалдаушылар мен азық-түлік бағасының өсуі, ұлттық валюталардың долларға қатысты әлсіреуі және капиталдың кетуі орталық банктерді пайыздық мөлшерлемелерді көтеруге мәжбүр етті. Бұл ішкі сұранысты одан әрі әлсіретті.

Шикізат тауарларын импорттаушылар, сондай-ақ туризм индустриясының кірістеріне қатты тәуелді елдер бәрінен көп зардап шекті. Осындай екі мемлекеттің мысалында мұның неге әкелуі мүмкін екенін көрсетеміз.

Египет 2017 жылдан бастап ХВҚ қолдауымен ауқымды реформалар жүргізді. Алайда бидай импортына толық тәуелділік өткен жылы оның бағасының күрт өсуі ұлттық экономикаға нұқсан келтіре бастағанына әкелді. Үкімет әлеуметтік салаға ЖІӨ-нің 1,7%-ын қосымша жұмсауға мәжбүр болды, бұл бюджет тапшылығы мәселесін ушықтырды. Резидент емес инвесторлар жағдай бақылаудан шығып кетеді деп қауіптеніп, өткен жылдың қаңтар-ақпан айларында елден шамамен $20 млрд алып шықты. Валюталық резервтерді қолдау үшін Орталық банк Египет фунтын 15%-ға құнсыздандырды және негізгі мөлшерлемені 100 б.п. көтерді. 2022 жылдың наурызынан бастап ұлттық валюта тағы 65%-ға төмендеді, ал мөлшерлеме 700 б.п. көтерілді.

Египеттің сыртқы қарызын өтеу шыңы 2023–2024 жылдарға келетіндіктен, ел ХВҚ мен Парсы шығанағы мемлекеттерінен жаңа көмек пакетін сұрады. Қазір Каирдің валюталық резервтері $34 млрд құрайды. Егер инвесторлар дамушы нарықтарға қызығушылығын сақтаса, бұл елге шамадан тыс қарыз жүктемесімен күресуге көмектеседі. Сонымен қатар, жаһандық нарықтардағы өтімділіктің төмендеуі EM экономикаларынан капиталдың кетуіне әкелуі мүмкін, онда Египеттің проблемалары тек ушыға түседі.

Экономиканың теңгерімсіздігінің тағы бір мысалы Багам аралдары болды. Турбизнес бұл мемлекеттің ЖІӨ-нің 40%-ын қамтамасыз етеді. COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері елдің жетекші индустриясының кірістері 75%-ға төмендеді, бұл оны бюджет тапшылығын қысқарту шараларын жүзеге асыруды кейінге қалдыруға мәжбүр етті. Тапшылық 2019 жылғы ЖІӨ-нің 1,6%-ынан 2022 жылдың қорытындысы бойынша болжамды 5,4%-ға дейін ұлғайды. Қаражат тапшылығы қарыз алу арқылы жабылды, нәтижесінде жалпы қарыз 2019 жылғы ЖІӨ-нің 56%-ынан 2022 жылы 90,6%-ға дейін өсті.

Фотосурет: shutterstock.com

Өткен жылы бюджет кірістері 25%-ға өсті, туризм индустриясына валюта ағыны да тіркелді. Алайда 2023 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы операциялар шотының тапшылығы ЖІӨ-нің 18,2%-ы деңгейінде күтіледі. Бұл Багам экономикасының валюталық қарыздарға жоғары қажеттілігін көрсетеді. 2023–2024 жылдары мемлекет $1,2 млрд қарызын қайта қаржыландыруы тиіс. Үкімет облигациялық қарыздарға тәуелділікті азайту үшін банктік кредиттер мен халықаралық даму институттарының көмегіне сенеді. Дегенмен, Египет жағдайындағыдай, Багам билігінде қаржылық тұрақтылықты қолдау үшін құралдар көп емес.

Қалыпты жағдайға келу

ФРЖ мөлшерлемелерін арттыру жағдайында дамушы экономикаларға борыштық нарықта қарыз алу қиындай түсуде. Егер 2021 жылы В санатындағы кредиттік рейтингі бар елдердің эмитенттері еуробондтарды орташа есеппен 6,6%-бен орналастыра алса, 2022 жылы — 10,2%-бен орналастырды, ал осы жылдың қаңтарында кірістілік шамамен 9,3% болды. Қор индекстерінің динамикасы жағдайды ішінара теңестіреді. Жыл басында олардың қалпына келуі аясында көптеген инвесторлар дамушы елдердің еурооблигацияларына тезірек «секіріп кіріп», жоғары кірістілікті бекітуге тырысады. Бұл EM қағаздарына сұраныстың артуына және олар бойынша төлемдердің төмендеуіне әкеледі. Алайда жоғарыда келтірілген мысалдар көрсеткендей, борышкерлер жағдайының тұрақтылығы ең алдымен әлемдік экономикадағы жағдайға байланысты, ал оны қолайлы деп атау қиын. ФРЖ-ның монетарлық саясатын қатаңдату циклі әлі аяқталған жоқ, геосаяси тәуекелдер де жоғары болып отыр.

Осыны ескере отырып, инвесторлар инвестициялау үшін қағаздарды мұқият таңдауы керек. Сыртқы күйзелістерге тұрақсыз елдердің еуробондтарын сатып алудан бас тартқан жөн, инвестициялық рейтингі бар эмитенттердің қағаздарына артықшылық берген дұрыс. Беріктігі мен сыртқы күйзелістерге қарсы иммунитеті жоғары дамушы экономикалардың ішінде біз Индонезияны, Мексиканы, Қазақстанды және Парсы шығанағы мемлекеттерін бөліп көрсетеміз.

Дереккөз: ХВҚ. Көрсеткіштің 2022 жылдың соңына арналған болжамы

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!